"Ашамайға мінзігу" салты

Қазақ халқында бала тәрбиесіне қатысты көптеген салт-дәстүрлер кездеседі. Сол салт-жоралғылардың бірі – ашамайға мінгізу. Аталмыш  салт жайында  akparat.com сайты баяндайды.

Шаңырақта ұл бала дүниеге келсе сүндетке отырғызып, шашына айдар қойып, буыны қатқанда атқа мінгізеді. Ал атқа мінгізуді – ашамайға мінгізу деп атайды.

Сәби дүниеге келген кезде немесе сүндет тойында яки мектепке барар шағында ата-анасы немесе туғандары балаға құлын атайды. Бұл – бәсіру беру салты.

Сыйлыққа берілген жануар үйретіліп, мініске жарап тұрса баланы соған отырғызады. Тайды «ашамаймен» (баланың мініс көлігіне арнайы жасалған ер) ерттейді.

Егер сыйлыққа берілген жылқы мінуге жарамаса баланың жасымен қатарлас, жүріске жайлы, сыр-сымбаты келіскен құнан не болмаса дөненмен алмастыруға болады.

Аталмыш салтты жасай отырып үлкендер балаға өміріндегі жаңа кезеңнің басталғындығын меңзейді. Бұл рәсімге бүкіл ауыл тұрғындары жиналып, үлкендер жағы көліктің жал-құйрығына немесе баланың бас киіміне я шапанына үкі тағады. Осы арқылы баланы жын-шайтаннан қорғайды деген сенім бар.

Авторы: Ильяс Сәрсенбай.

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!