Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері сезіліп, жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады akparat.com сайты.
Республиканың солтүстігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, батыста көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болу болжамы бар.
Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Одан бөлек, тұман Қазақстанның Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында болуы мүмкін.