Тек мен ғана жанайын, басқа ешкім жанбасын!

Сүйікті пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» мәсжиди шәрифте отырғанында хазреті Жәбрейіл келіп, «Йа Расулаллаһ! Әбу Бәкір орындаған бір ғибадат, жетпіс жылдық ғибадатқа татиды» дейді. Пайғамбарымыз хазреті Білал Хабашиге: «Йа Білал, Әбу Бәкірді шақыр, келсін!» деп бұйырады. Келген кезде оған:

- Йа Әбу Бәкір, үйіңде не істеп жатқан едің?- деп сұрайды.

- Ештеңе істеп жатқан жоқ едім, Йа Расулаллаһ!

- Бүгін таңертең қандай да бір ғибадат жасадың ба?

- Жоқ, йа Расулаллаһ, жасамадым.

- Көңіліңнен бір нәрсе өтті ме?

- Иә, өтті Расулаллаһ!

- Не туралы ойландың, Йа Әбу Бәкір?

- Жәннатты, жаһаннамды ойладым. Аллаһу та’аланың бұларды адамдармен толтыратындығын, тозақтың үлкендігін, отының беретін азабын және сол жерде жанатын адамдардың жағдайын ойлап, бір нәрсе тілеген едім.

- Ол қандай тілек, Йа Әбу Бәкір?

- «Йа Раббым, ахиретте менің денемді сондай үлкен қылып жарат, тозақтың ішіне тек мен ғана сияйын, басқаларға орын қалмасын» деп тіледім.

- Не үшін бұны қаладың?

- Ешкім отта жанбасын деймін, Йа Расулаллаһ. Бәрінің орнына мен жанайын, басқа ешкім жанбасын. Осыны сұрадым Раббымнан.

Пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкірден қатты разы болады да, оған көп дұға етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!