Хорватия ұлттық құрамасы және мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич әлемнің ең үздік ойыншысына берілетін "Алтын доп" иегері атанды.
Әйгілі France Football басылымының нұсқасы бойынша 33 жастағы Модрич тұңғыш рет Роналду мен Месси гегемониясына нүкте қойғандай. Дауыс беру бойынша Килиан Мбаппе 4-орын, Антуан Гризманн үшінші орынға тұрақтады. Ал Криштиану Роналду екінші орынға жайғасты. 753 дауыспен Лука әлемнің үздік футболшысы атағына ие болды.
Сондай-ақ, ең үздік жас ойыншыға берілетін жүлдені Килиан Мбаппе жеңіп алса, әйелдер футболындағы үздік ойыншы болып норвегиялық Ада Хегерберг танылды