Ертеңнің айыпкері

• Балаға сұраған нәрсесінің барлығын бер! Осылайша бала дүниедегі адамдардың барлығы оған сұраған нәрсесін беруге, қажеттілігін қамтамасыз етуге мәжбүр екен деп ойлайды.

• Жаман сөз айтқан кезінде күл! Осылайша бала өзін ең ақылды адаммын деп ойлайды.

• Оған дін және әдеп турасында ешқандай тәлім-тәрбие берме! Он сегізге толғанда өзі шешім қабылдасын де!

• Жерге тастағандарының барлығын сен жина! Барлық нәрсесін сен істе! Сонда жауапкершіліктің барлығын басқаға жүктеуге, жеке басына жауапкершілік алмауға әдеттенеді, ешкімге жәрдем бермейтін болады.

 • Ол қастарыңда тұрғанда жұбайларыңмен жиі-жиі ұрысыңдар. Осылайша әке-шешеге деген сенімін жоғалтып, адамгершілігі төмен болады.

• Балаға сұраған ақшасын беріңдер. Сонда ешқашан өз қажеттілігін өзі табуға, өз шығынын өзі көтеруге ұмтылмайтын болады. Жауапкершіліктің не екенін білмей өседі.

• Барлық қалау, тілектерін орындаңдар. Ішемін, жеймін дегенінің барлығын әперіңдер, молшылықта өмір сүрсін. Айтқанын екі етпеңдер.            

• Оныңкі дұрыс болса да, дұрыс болмаса да үнемі оны жақтаңдар! Достарына, көршілерге, мұғаліміне, тіпті полиция қызметкеріне қарсы да баланың сөзін сөйлеңдер.   

 • Баланың барлық сөзін дұрыс деп қабылдаңдар. Айтқан сөздерін тексеріп білмей сене беріңдер.

Балаға жоғарыда айтылғандай тәрбие беретін болсаңыз, балаңызды өз қолыңызбен жаза орындығына отырғызған боласыз.

                                                    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!