Шайды алғаш рет қытайлықтар ойлап тапқан. Аңыз бойынша б.з.д. 2500 жылдары Қытай императоры Шен Йонг гигиена ретінде суды қайнатып ыстықтай ішкен көрінеді. Жаздың ыстық күнінде қайнаған суына кездейсоқ екі-үш түйір жапырақ түседі. Император ыстығын басып, өзін сергіткен бұл сусынды қатты ұнатқан екен деседі. 758 жылы философ Лу Йу шайды қалай өсіріліп, өңдеуді, қалай демдеу жайлы «Шай қаруы» атты кітап жазған.
Жапондар шайды «Ча-но-йо» атты рәсіммен ұсынатын болған. Какузо атты ақындары «Шайнама» атты еңбегінде шайды құдайдың берген ниғметі ретінде бағалаған.
Еуропаға шайды венециялық саудагрелер алып барған. Ал шайды нарыққа еңгізіп, кеңінен саудалануына португалдық көпестердің тигізген әсері зор. Сол кезеңдерде шай өте бағалы болғандықтан, тек дәріханаларда сатылып, оны байлар ғана қолданатын. Ағылшындар Үндістан мен Цейлондағы коллонияларында шай өсіріп, Қытайдың монополиясына бәсекелеп, шай нарығында көшбастай бастады.
Шайдың екі түрі танымал: қара шай және көк шай.
Қара шай көп өңдеулерден өтеді. Алдымен ыстық ауа арқылы жартылай құрғатылады. Кейін жапырақтар сығылып сөлі шығарылады. Онан соң ферментациядан өтеді. Салдарында түсі қараяды. Кейін жапырақтары бұталарынан тазаланады.
Көк шайдың өңделуі қысқа. Жапырақтары бұталардан ажыратылады да, ферментацияға алынады. Көк шайдың түсі ашық түсті және қышқылды болады. Зәр айдаушы қасиеті бар. Қара шай нәзіктеу келеді, жарық өткізбейтін ыдыста сақтау керек. Жеміс-жидек және гүл негіздерімен хош иістендірілген шайлар да бар. Ең танымалы бергамут майымен өңделіп дайындалған шай.
Шайдағы кофеин мидағы капилярларды кеңейтіп, мидағы қысым азаяды, бас ауруы да осы себепті тоқтап, адам рахаттанады. Тері бетіндегі капилярлар кеңейгенде ыстықтық сыртқа шығып, адамның ыстығы басылып серігіп қалады. Асқазанды желдендірмейді, қышқыл түзбейді. Әлсіздікті кетіреді, зейінді ашады. Шайдағы В витамині демделу кезінде суға өтеді, сондай-ақ шайда Е және К витаминдері, пайдалы минералдар бар. Демдеп 5-10 минуттан кейін ішкен жақсы, 2-3 сағат өткен шайды ішу зиян деп айтылады. Шай ыстық және ылғалды өлкелерде өседі. Шай өсіретін елдер көбінесе 36 параллельдің үстінде.
Елімізде шайға сүт қосып немесе лимон қосып ішу әдетке айналған. Соңғы кездері көк шайға қызыл шайды араластырып, оған лимон қосып ішу де сәнге айналуда.
Солтүстік Африкадағы туарегтер шайға жалбыз қосып ішеді. Тибеттіктер, ұйғырлар шайға сары май, сүт және тұз қосады. Моңғолдар шайға ұн қосатын көрінеді. Өзбектер қызыл шайға қарағанда көк шайды көбірек ішеді. Шайды ең көп ішетін халық ретінде ағылшындар белгілі. Лэди Астор премьер-министр Черчильге қарап «әйеліңіз болсам, шайыңызға у қосып берер едім» деген сөзіне «күйеуіңіз болсам, сол шайды ішер едім» деп жауап берген екен.
Америка тәуелсіздігі шайға борыштар. Шай импортына өте жоғары салық сұраған ағылшынарға қарсы шығудан басталған көтеріліс тәуелсіздік соғысының ұшқыны болған.
Шай бұрындары қымбат дүние болатын. Бір тұтам шайға қол жеткізген кедейлер оны құрғатып қайта демдейтін. 1950 жылдардан кейін шай көбейіп бағасы арзандай бастады.