Алматыда джиу-джитсудан Arlan Grip Kids финалы өтеді

Желтоқсанның 2-і күні Алматыда джиу-джитсудан Arlan Grip Selection xалықаралық турнирінің финалы өтеді.

Жарыста 6-17 жасар кез келген балалар мен жасөспірімдер күш сынасады. Жарыстың өтетін орны ABB Arena (Ерменсай, 3, 53 үй). Басталуы сағат 10:30-да.

Турнирдің басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес арлан грип  сайтына тіркелу қажет. Сайыс әртүрлі салмақ және жас дәрежелері бойынша ұйымдастырылады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталады.

Салмақты өлшеу рәсімі жарысқа бір күн қалғанда өткізіледі, ал тіркелген қатысушы салмақ дәрежесіне сәйкес келмеген жағдайда – спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!