Суда саусақтарымыз неге жиырылады

Хауызда, теңізде, яғни суда ұзақ уақыт болған кезіңізде саусақтарыңыздың терісі неліктен жиырылып қалатыны жайлы ойладыңыз ба?

 Ғалымдар бастапқы кезде мұның себебі деп терінің беткі қабатының ісінуін атаған еді. Терінің беткі қабатына су кіргеннен кейін ол айтарлықтай өседі, бірақ ол терінің кеңейетін қасиеті жоқ астыңғы қабатымен байланысып тұрғандықтан, терінің сыртқы қабатына әжім түседі, осылайша ол өзінің созылатын қасиетін көрсетеді. Алайда 1935 жылы кейбір дәрігерлер жүйкесіне зақым келген науқастардың саусақтарының терісі жиырылмайтынын байқапты. Сөйтіп, олар саусақ терілерінің жиырылу себебі деп жүйке жүйесінің суда ұзақ уақыт болуының әсері деп көрсетті. Нейрологтар ағзаның жоғары ылғал деңгейінде заттармен және сыртқы бетімен жақсырақ әрекеттесуін қамтамасыз етеді деп есептеді.

2013 жылы ғалымдар зерттеу жүргізеді. Онда саусақтары әжімделген және әжім түспеген адамдардың ылғалды және құрғақ түрлі заттарды көтеруі керек болды. Сонда саусақтары жиырылған науқастар ылғалды заттарды 12 пайызға жылдамырақ көтерген. Саусақтың әжім түскен терісі автомобиль дөңгелектерінің протекторлары секілді қызмет етеді, сол арқылы біз заттарды жақсы ұстай білеміз және жылдамырақ қозғаламыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!