Шынайы мұсылман қандай болады

Шынайы мұсылман – жанұясын, отанын және туын сүйеді. Адамдармен жұмсақ мәміледе болады және бәріне қолынан келгенше көмектеседі. Үлкендерді, әке-шешесін құрметтейді, жастарға ізет қылып, қамқор болады. Ешкімді ренжітпейді, көңілін қалдырмайды. Тазалыққа аса мән береді. Жеген, ішкендері, денесі және айналасы әрқашан таза болады.

Шынайы мұсылман өзінің құл екенін біледі және құлдық міндеттерін толық орындауға тырысады. Еш өлмейтіндей дүние үшін және ертең өлетіндей ахирет үшін еңбек етеді. Бала-шағасын жақсы мінезді және үлгілі мұсылман етіп тәрбиелейді. Оған Құран кәрім оқуды үйретеді және оқытады. Туысқандары, достары, көршілерімен ғана емес, бүкіл адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады.  

Шынайы мұсылман дінін толық үйреніп, ниғметтерге шүкір етеді. Жеген-ішкені әрқашан халал болады. Ешкімнің мүлкіне, жанына, арына қол салмайды. Біреудің ақысын жемейді, жамандық істемейді және өзіне жасалған жамандықтарға сабыр етеді. Қулық, қиянат етпейді. Көре алмаушылық етпейді, іші тар, тәкаппар емес. Біліп, білмей бір күнә істесе, дереу тәубе етеді. Ата-бабаларына, қайтыс болған мүминдерге, достарына және бала-шағаларына әрқашан дұға етеді.

Шынайы мұсылман істерінде аса ұқыпты болады. Уақытын бос өткізбейді. Еңбек етеді, бірақ ризықты Аллаһу та’аладан деп біледі. Өзіне жүктелген істі өз уақытында, тіпті одан да ерте бітіреді. Құл ақысынан қатты қорқады. Құсыр, кемшіліктерді кешіреді. Ешқашан боғауыз (боқтау) сөздерді қолданбайды, айтпайды, жазбайды, оқымайды. Ешкіммен таласып-тартыспайды және ешкімнің көңілін қалдырмайды.

Шынайы мұсылман әрбір істеген істерімен айналасындағыларға үлгі болады. Ешкімді мазақ етпейді, өтірік айтпайды. Фитна шығарудан қатты тартынады. Ашуын жеңе алады. Мұсылман ғайбат етпейді, рия ойына да кіріп шықпайды. Жылы сөзді, жылы жүзді, өзі де, сөзі де дұрыс болады. Өте кішіпейілді және қарапайым болады. Пәк, мейірімді, жомарт, шыншыл және сыпайы болады. 

Қорыта айтқанда шынайы мұсылман, бүкіл жаман мінез-құлықтардан ұзақ болып, жақсы мінез-құлықтарға ие болу арқылы дүниеде рахат және тыныш өмір сүретініндей ахиретте де шексіз бақытқа қауышады.      

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!