Балды (медовый) торт

Нанына (қамырына) қажетті заттар: 5 ас қасық бал, 200 гр сарымай, 8 дана жұмыртқа, 250 гр шекер, 400 гр ұн, 1 дана разрихлитель (қопсытқыш). 

Кремге керек заттар: 3 ас қасық шекер, 2 ас қасық ұн, 1,5 ст (375 гр) сүт, 200 гр сарымай.

Дайындалуы: Балды, газда төмен отпен ерітіп аламыз. Оған сарымайды салып, оны да ерітеміз. Бұл процесте бал мен сарымайды үздіксіз араластырып тұрамыз. Жұмыртқа мен шекерді миксермен араластырып, осы балды сарымай қоспасына саламыз. Оны да 10 минуттай араластырамыз. Кейін отты сөндіріп, разрихлитель қосамыз және ұнды аз-аздап салып араластырамыз. Қамырды илемейміз, оны ботқа іспеттес, қою күйінде дайындап аламыз. Кейін қамырды 3 немесе 4 бөлік етіп пешке салып пісіреміз. Дайын болған нан қабаттарын бірдей көлемде кесіп, қалған шеткі бөліктерін тортты сәндеу үшін ұсақтаймыз.

Крем дайындау үшін шекер мен ұнды сүтке араластырып, баяу жанған отқа пісіру керек. Қоюланғанша араластырып тұру керек. Дайын болған крем суытылып, сары маймен араластыралады.

Нан қабаттарына рет-ретімен крем жағып, бетіне ұсақтарды сеуіп сәндейміз.

Тортыңыз дайын!  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!