Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жорығын аяқтады

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңілді, деп жазады akparat.com сайты.

Ұлттар лигасының соңғы турында Грузияға қонаққа барған отандастарымыз 1:2 есебімен ұтылды. Осылайша, D тобында 2-орынға табан тіреп, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

УЕФА Ұлттар Лигасы. D тобы
Грузия - Қазақстан 2:1 (0:0)

Голдар: Меребашвили 59', Чакветадзе 84' – Өміртаев 89'

Қазақстан құрамасы: Непогодов (Қ) – Бейсебеков, Малый, Логвиненко, Сүйімбаев, – Федин, Мужиков, Қуат, Зайнутдинов, – Муртазаев, Щеткин.

Грузия құрамасы: Лория (Қ) – Какабадзе, Кашия, Кверквелия, Квеквескири, – Канкава, Казаишвили, Двали, Меребашвили, – Чакветадзе, Гвилия.

Топтағы жағдай:

Топта 16 ұпай жинаған Грузия құрамасы 1-орын алды. 6 ойында 6 ұпай еншіліген Қазақстан құрамасы 2-орынға тұрақтады. Жарысты Латвия мен Андорра 4 ұпаймен аяқтады. Соңғы ойында екі құрама 0:0 есебін тіркеді.

Квартет үздігі Грузия С дивизионына жоғарылады. Және 2020 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдамаға таласады.

Айта кетейік, Грузияны 2013-2015 жылдары «Қайрат» командасының жаттықтырған Владимир Вайсс баптайды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!