Akparat.com сайты 19-шы қараша күнгі ауа райы болжамын ұсынады:
Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, орталық, шығыс және де оңтүстік-батыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын болады.
Aқмола облысының кей жерінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі.