Жансая Әбдімәлік үздік нәтижеге қол жеткізді

Шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының жартылай финалына шағы алмады, деп жазады akparat.com сайты.

Отандасымыз Ханты-Мансийск (Ресей) қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында Мария Музыукқа (Украина) ұтылды.

Қос шахматшының арасындағы ойын үш күнге созылды. 12-қараша күні классикада қазақстандық шахматшы жеңіске жетсе, 13-қарашада Мария Музычуктің мерейі үстем болды. Үшінші ойын күнінің нәтижесінде жартылай финалға шыққан шахматшы кеше блицте анықталды.

 

Осылайша, Жансая 64 шахматшы қатысқан жарыста үздік 8 ойыншының қатарына енді. Осыған дейін мұндай көрсеткішті ешбір қазақ қызы көрсете алмаған.

Жансая әлем чемпионаты барысында Рут Им Падмини (Үндістан), Хе Жао (Қытай), Йоланта Завадский (Польша) секілді спортшыларды жеңген болатын.

Жансая Әбділмәліктің көрсеткіштері:

Халықаралық FIDE рейтингінде 22-орынға табан тіреген.

8 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионы (2008 жыл);

Оқушылар арасында 2010, 2012 жылдардағы әлем чемпионы;

Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы (2011 жыл);

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының алтын (2017), күміс (2013), қола (2012) жүлдегері;

Ерлер мен әйелдер арасында халықаралық деңгейдегі гроссмейстер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!