Қажетті заттар: Тауықтың сан еті – 3 дана, Картоп – 0,5 кг, Майонез – 150 гр, Кетчуп – 50 гр, 1 пачка тауық етіне арналған дәмдеуіш (приправа для гриля), 1 пачка кептірілген ұнтақ сарымсақ (сушеный чеснок)
Пісіру әдісі:
1) Ең алдымен тауық санын 1 сағат тұздалған суға салып маринадтаймыз.
2) Майонез, кетчуп, дәмдеуіш, сарымсақтың барлығын араластырамыз.
3) Картопты ашып, бірнеше бөліктерге бөліп, тауық санын да солай турап барлығын бір ыдысқа салып, жаңағы араласқан дәмдеуішті үстіне құйып, жақсылап барлығын араластырамыз. Кейін оны электр пешінің табасына бір тегіс етіп салып 250 С (градуста) пісіреміз. (Табаға сыймаған бөлігі екінші табаға пісіріледі) Пісу уақыты шамамен 35-45 минут.