Елордада «Шабыт» фестивалі басталды

Жас таланттар асыға күтетін байқаудың ашылуына арналған салтанатты шара Бейбітшілік және Келісім сарайында өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды. Бұл туралы baq.kz порталы хабарлайды.

Шара барысында, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев конкурсанттарға сәттілік тілеп, елорда басшылығының атынан байқауды дайындап, ұйымдастырғандарға, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері мен қонақтарға , «Шабыт» фестиваліне келген танымал өнер шеберлеріне алғысын білдірді.

«Мемлекет басшысы қазақстандық жастардың шығармашылығын дамытуға айырықша көңіл бөледі. Жақында халыққа Жолдауында Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келесі жылды жастар жылы деп жариялады. Бүгінде жер-жерлерде және мемлекеттік деңгейде, Астана әкімдігінің деңгейінде үлкен кешенді бағдарлама әзірленуде, онда жастарды, оның ішінде еліміздің және елордамыздың шығармашыл жастарын қолдаудың түрлі шаралары қарастырылады. Осымен, «Шабыт» 21-рет өткізіліп отыр. Фестиваль елордамызбен бірге дүниеге келіп, бірге жасап, өркендеп келеді, шығармашылық пен өнер шыңдарын бағындыруда», - деді Ермек Аманшаев.

«Шабыт» фестивалінің салтанатты ашылуы биылғы номинациялар бойынша бәсекеге түсетін конкурсанттардың өнер көрсетуімен жалғасты.

Осы жылы байқауға қатысуға 613 адам ниет білдірді. Олардың басым бөлігі Астананың намысын қорғайды. Жылдан жылға қатысушылар географиясы кеңейіп, қазылар алқасы мүшелерінің саны артуда. Конкурсанттар арасында Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Израиль, Башқұтстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінің де өкілдері бар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!