Билл Гейтстің көшбасшылық сырлары

Көреген болу

Билл Гейтс жастайынан компьютердің маңыздылығын және адамдардың өмірінде ойып орын алатындығын жақсы ұғына білген адам. Жақын досы Майкрософтты құрудағы әріптесі Паул Алленмен жиі пікір алмасып, осының салдарында келешекте әрбір адамның үйінде және жұмыс орнында өзіне тән компьютері болатындығын болжай алған. Құрған фирмаларында осы негізге сәйкес адамдардың жұмыс істеуіне, өздерін жетілдіруіне көмекші болатындай өнім шығаруды мақсат еткен.

Еңбекқорлық

Билл Гейтс ақылдылығымен қатар өте еңбекқор адам. Ақылды, зерек болу жеткіліксіз, оған қоса еңбекқор болу керектігін алға тартады және жұмыскерлерден де осы қасиетті талап етеді.

Ақылды қызметкерлермен жұмыс істеу

Бағдарлама жазу ең жоғарғы секторлардың бірі болғандықтан бұл салада кездейсоқ адамдармен жұмыс істей алмайтындығын, ақылды, зерек адамдармен жұмыс істеуі керектігін ойлап, жұмысқа ақылды адамдарды алуға тырысады. Ақылды адам кім деген сұраққа өзі қысқаша былай жауап береді: «Ақылды адам әрнәрсенің жеке-жеке айтылуын қажет еттірмейтін адам. Ақылды адам ізденеді, табады, жетілдіреді, жаңа нәрселер ойлайды, ойлағанын қолданымға енгізеді». Майкрософт қызметкер алу үшін көп конкурс, ізденіс өткізеді. Ойындағы адамды тапқанға дейін бір қызметті бос қалдырған кездері көп болады.  

Қызметкерлеріне үлес беру

Билл Гейтс өзін қоса есептегенде қызметкерлеріне жоғары, астрономиялық жалақы тағайындамайды. Майкрософттың ешбір қызметкері әлемдегі ең жоғары жалақылы адамдардың қатарына кірмейді. Мұның орнына зерек адамдарды қызықтыру үшін оларға үлес беруде. Соның салдарында Майкрософт қызметкерлерінің біршамасы миллиардер, үштен бірі миллионер болып табылады.

(Билл Гейтс және Пол Аллен, 1981 жыл)

Қызметкерлерін бағалау

Майкрософт ең ақылды адамдармен жұмыс істеуді қалайды және оларды жоғалтқысы келмейді. Билл Гейтс бір мақаласында жұмыстан шыққан әрбір қызметкерінің артынан «ол неге жұмыстан шықты, неге оны қанағаттандыра алмадық, қай жерде қате жібердік?» деген сұрақтарға жауап іздейтінін айтады. «Қызметкерлер Майкрософттың ең қадірлі болмысы. Қызметкерлер мұны жақсы біледі. Жұмыс барысының әрбір сәтінде мұны сезінеді. Сондықтан Майкрософтта қызметтен босау АҚШ-тағы орташа көрсеткіштен екі есе аз кездеседі.»

Нарықтағы өзгерістерді бақылау

Жылдам дамитын секторда кері қалу - жойылу деген мағынаға келеді. Билл Гейтс ешбір салада нарықтан кері қалғысы келмейді. Кері қалған жағдайда қатесін тез түсініп, қажетті шараларын қамдайды. Мәселен 1984 жылы Эйпл фирмасы макентошты шығарады. Графикалық операциялық жүйе болғандықтан Майкрософттың операциялық жүйесінен өте үстем еді. Майкрософттың аналогы бір жылдан кейін шықты. Windows атты бұл жаңа жүйе сәтсіз болды, алайда Билл Гейтс қамықпады. Табанды еңбектің арқасында 1990 жылы шығарған 3.0 өте үлкен табыс әкелді. Осыған ұқсас мысал интернет мәселесінде орын алды. Билл Гейтс интернеттің дамуын жеткілікті түрде бақылай алмады. Интернетке қатысты өнімдерді жетілдіре алмады, кері қалды. Мұның нәтижесінде тарихта алғаш рет Майкрософттың акциялары «Үнемі табыс әкелетін акциялар» тізімінен түсіп қалды. Бірақ Билл Гейтс қатесін түсініп, бір жыл ішінде интернетпен байланысты көбейтіп, өнімдерін ең қомақты түрде интернетке байланыстыра білді.    

Нарықты түрлендіру

Билл Гейтс пен Майкрософттың ұраны «стандарттарды біз орнатамыз». Майкрософттың тарихы осы ұранға сай әртүрлі мысалдарға толы. Мәселен Basic, DOS, Windows жүйелері нарықтағы ең кеңінен тараған өнімдер қатарында болды.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!