Ұстазым

Ұстазым 
Көтердің мойныңа елдің жүгін,
Талмастан шаршамастан бердің білім.
Алғысымды іштегі ақтаруға,
Ақын болып алдыңа келдім бүгін.
Ұстазым
Әрдайым сабырлы да салмақтысың,
Жидың ойға мінездің бар жақсысын.
Сұрасын мейлі адам мейлі ғалам,
Сіздер дедім адамның ардақтысы.
Ұстазым
Арқаңда мен өзіңнің көкке өрледім,
Жүзіңнен мейірімді көп көргемін.
Мендағы тырысамын үлгі етуге,
Ақталмай қалмасын деп төккен терің.
Ұстазым
Жеткенінше шабытым тоқтамайым,
Алғысымды іштегі ақтарайын.
Жемісі мен жеңісі еңбегіңнің,
Мейірімді жүзің менен ақ самайың.
Ұстазым
Ізгілікке тұнып тұр жаның анық ,
Түтқа болдың әрдайым жаныма нық.
Талай шәкірт сенің берген біліміңнен,
Қадам басты өмірге жарық алып.
Ұстазым 
Бола білдің қашанда кешірімді,
Ренжітсем ағат кетсем кеш ұлыңды.
Ұлы өмірге әр қадам жасағанда,
Есіме алам сәт сайын есіміңді.
Ұстазым
Әр адамға үлгі етем бір өзіңді, 
Мұрат еттім ақын атын көтеруді.
Білемін білім берген әр күніңе,
Мәңгі өзіңе қарыз боп өтерімді.
 

Авторы: Мұхамед Нұржанат.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!