Біреулер

Біреулер іздейді - көңілге тыныштық,
Біреулер іздейді -біреуден туыстық. 
Туысын біреулер іздемей жатады
Біреулер жіберер жатты да туыс қып.

Біреудің достығы тіреу боп қалады,
Жақының - кейде әшейін біреу боп қалады.
Кей кезде кездейсоқ кездескен адамың
Құлаған сәтіңде сүйеу боп қалады.

Біреудің отбасы үлкен боп келеді.
Біреудің ешкімге жоқ болат керегі.
Қуану, өкініш дегеннен тұратын,
Сан түрлі тағдырлар - өмір ғой себебі.

Біреулер - баз кешіп білместік қылады,
Біреулер - білсе де күндестік қылады.
Барлығы болса да біреуге аз болып,
Кейбіреу мәз болып, ішінен тынады.

Кейбіреудің жүгі ауыр боп жатады,
Біреулер - бірігіп ауыл боп жатады.
Біріккендерге барлығы жеңіл ғой,
Іріткендер бәлкім ауырлық татады.

Біреудің пейілі кең болып келеді,
Кей жерде зұлымдық жөн болып келеді.
Біреуге жүреді кең әлем тар болып
Біреуге жоқ болат ештеңе керегі...

Біреулер - жан-жағын жәйнатып жүреді,
Біреулер қанын қайнатып жүреді.
Біреулер ересек болса да бала боп,
Кейбіреу баласын ойнатып жүреді.

Біреудің басында сынақ көп болады,
Біреудің басында сұрақ көп олады.
Біреулер байлығын шашумен әлек боп
Біреулер бәріне шыдап кеп бағады.
Бәрібір өмір ғой, өмір ғой бағалы.

Авторы: Акижанова Гүлнұр. 
 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!