Ойлы-қырлы өмір жолы алдыңда,
Бөлінеді ой мен санаң сан мыңға.
Өмір деген - дамыл таппас тіршілік,
Шаттық,қайғы,мұң мен бақыт бар мұнда.
Қызығы мен шыжығы мол өмірден,
Мəңгі бақи шаршамастай көрінгем.
Бірақ,қалқам,күрес толы бұл жалған,
Адамзатқа сынақ үшін берілген.
Мың құбылған дəл бүгінгі заманда,
Бақытты боп жүру үшін ғаламда.
Аллам өзі сый ғып тартқан өмірге,
Құштарлығың ояу болғай санаңда.
Бақыт деген - қас-қағым сəт байқалмас,
Шын сезімің- жай сөздермен айта алмас.
Бақыт деген- ұйығандай отбасың,
Кім тисе де шаңырағы шайқалмас.
Тап бақытты жаның сүйген еңбектен,
Көбі солай от көңілін емдеткен.
Тыныштықтан табар біреу бақытты,
Ал біреулер таба алмайды жер көктен.
Бұл бақытты қалай біліп,түсінем?
Танымаймыз,көрмейміз түр-түсінен.
Алыстардан іздей бермей,бақыттың,
Кілтін тапқын жүрегіңнің ішінен.
Бақыт жəне - байлық пенен мəнсап қой,
Ең бастысы- денсаулықты сақтап қой.
Бір жарқ етер сəтімізді көп күтпей,
Шіркін, мəңгі бақытты боп қалсақ қой!
Авторы: Тилдан М.