Қазақстан-кең байтақ жерім менің,
Қандай ғажап, бүгінгі бейбіт күнің!
Қыраның көк аспанда қалықтайды,
Көрсеткендей дəрежеңнің биіктігін.
Табиғаты жерімнің неткен көркем,
Мөлдір бұлақ,таза ауа,шүйгін шөппен.
Сыйға тартқан осынау бай өлкені,
Бабалардың аманаты қымбат екен.
Біз жиылып астына көк байрақтың,
Шаттанамыз бүгінгі күнге жарқын.
Дегенмен ойлану да қажет екен,
Бұл қуаныш біздерге қайдан келген?!
Қайран қазақ сонау ерте кезеңде,
«Елім-ай» деп зар жылады, түңілді.
«Ақтабан шұбырынды» жылдары да,
Естен кетпес ол тарихтан белгілі.
Желтоқсан шырылдаған шындығымыз,
Талай жасты қыршыннан қиып өткен.
Қайғы-мұңнан көл болған көз жасымыз,
Желтоқсан қатыгез де, қатал екен.
Желтоқсанның жалындаған алаулары,
Аңсап кетті егемендік, азаттықты.
Қайрат, Ләззат, Ербол мен Сабираның,
Ерліктері біздер үшін рух сияқты.
Тарихта талай қиын күндер өтті,
Бұл жерге кімдер келіп, кімдер кетті.
Барлығының тоғысқан бір арманы,
Еркіндік пен тәуелсіздік алу еді.
Еркіндіктің жолында көп күрестік,
Төгілген тер, аққан жас болды тым көп.
Қиындықтың барлығын артқа тастап
Тоқсан бірде жеңіс туын желбіреттік.
Туды ұстап, жарқын жолды бастаған,
Бабалардың дəстүр-салтын аспаған,
Нұрсұлтандай елбасымыз бар біздің
Жиырма алты жыл ел тізгінін ұстаған.
«Рухани жаңғыру» Елбасының жобасы,
Жарқын өмір, нық болашақ бастауы.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасының
Орындалсын арман, тілек, мақсаты.
Халықаралық дәрежеде маңызы бар,
Өміршең 166 жыл тарихы бар.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін,
Ұтып алу қазағымның бағы шығар.
Егемен ел биік болсын тұғырың,
Деп тілейді бүгін сенің ұл-қызың.
Асқақтасын,жайнай берсін,жарқырап,
Жана берсін аспандағы жұлдызың.
Авторы: Толқын Қамзаева.