Өмірімді өрнектеген күлкіменен
Көздеріңнен қуаныш сезіндім мен.
Төрткүл дүние бұрышынан таппаған
Сұлулықты көрдім тек өздеріңнен.
Әлем – әсем жаратылыс кеңдігімен,
Құшағына сыйдырды жылуменен.
Сол әлемге сыймадым, орын таптым,
Анам менен әкемнің жүрегінен.
Күннің өзі жылуды бере алмаған,
Қанша ыстық болса дағы жылымағам.
Жүрегімнің қырауын ерте алатын,
Жылытатын мені тек өзім анам.
Алақаның жүзімді жадыратқан,
Самал есіп, айым туад батыс жақтан.
Жүрегіне сыймайтын сый көргенде,
Қараңғыда күн шығып, таңым атқан.
Биіктерді шың демегем қашанда,
Гималай да тау болмаған басында.
Асқар дер ем, биік дер ем тек қана,
Әкешімді сол таулардың қасында.
Мейірімі ішіне сыймай тасып,
Жан-жағына сәулесін, нұрын шашып.
Күлкісімен жалғанды жайнататын,
Асыл әкем жүр қашанда шалқып басып.
Қос қанатым – қайырылмайтын, талмайтын,
Сапар шегіп, сонау көкке самғайтын.
Қайталанбас қос аққудай жұп болыңдар,
Өзге ұшса өздеріңдей болмайтын.
Авторы: Инабат Оңғалбаева.