Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар,
Себепкері бағыңның басың да бар.
Сені сүйреп арманыңа жетелеген,
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
Үйретуден талмаған,ерінбеген
Содан болар ұмтылдым,шегінбегем.
Мың жақсылық көрсемде ұстазымнан
Бірақ неге, сол кезде білінбеген.
Құйып берген біліммен бойыңа дар,
Ұстаздың ұлылығын мойындаңдар!
Жақсылығын жасырып сөз еткенше
Ұстаздардай алдымен болып (алып) аңдар.
Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар,
Себепкері бағыңның басың да бар.
Сені сүйреп арманыңа жетелеген,
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
Авторы: Құдайберген Қайрат.