Адам болғым келеді

Ғашық болғым келеді адамдарға,
Ғашық бола алатын шамам барда.
Сүйе алсам барлығын жүрегіммен 
Одан асқан пендеңде арман барма? 

Сүйем бе екен осыны анықтайын,
Адамдарға жылылық танытайын.
Бір күнде бір адамды қуанталсам,
Содан лаззат алудан жалықпайын.

Адам болғым келеді қарапайым,
Ниеті ақ нәресте баладайын.
Адам болғым келеді адам болғым 
Ертеңіне заманның алаңдайтын.

Біз адамбыз аш көзіңді ағайын,
Жұбатыпта жылатқанбыз талайын.
Нағыз бақыт мейіріммен ақ пейіл
Басқа бақыт қайдан іздеп табайын?.

Жүзі жылы күлген кезде бар адам,
Сондай сұлу жаратылыс қайтадан
Қайталанбас, қайталана алмайды,
Мейлі дәуір басталса да жаңадан.

Біз адамбыз сондай сұлу жанымыз,
Көпте емес бұл құрлықта санымыз.
Сондықтан да бағалайық өмірді,
Бағалайық барша жанды бәріміз.
 

Авторы: Қайрат Құдайбергенов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!