Досым тыңда!

Пендеге ақыл керек,
Бір нәрсені ойлайтын, саралайтын.
Байыбына әр ненің бату керек,
Болу үшін сыйлайтын, бағалайтын.

Досым тыңда!
Адамға намыс керек,
Шындықтан аттамасқа, одан асып.
Керілгенмен тамжылма, қағыс. Демек-
Жүрмеу керек жар асты жамандасып.

Досым тыңда!
Тіріге білім керек,
Шаруаның оң терісін білу үшін.
Ал, ол үшін күніге ілім керек,
Осы болмақ өмірлік тіреуішің.

Досым тыңда!
Адалдық керек досқа,
Талабы да шыншылдық махаббаттың.
Бұл болмаса, қатынас- бөлек, басқа,
Мұнсыз малсың, бей адам, ақымақсың.

Досым тыңда!
Қалмассың бұл кез кейіп,
Ойласаң кімдер "ез" деп, кімдер маржан?!
Айтқандарым бар адам -әр кез биік,
Тек біреуін жоғалтқан- мүлдем арзан.

Досым тыңда!
Тыңдауға міндеттісің!
Белің буып, алысқа шабу үшін.
Ал енді мақұлдамай, күлмекпісің?
Мен сені "дос", "адам" деп тану үшін.

Авторы: Ринат Әбдіхалық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!