Жалғыз ғана кететін құл ғанамын!

Дүниенің барлығы жырақ қалып, 
Жатыр мені тағдырым сынаққа алып.
Төзу керек болған соң барлығына,
Тұрам қайта сүрініп құлап барып!

Күресемін қайғысы қасіретпен, 
Соқсын мейлі таулардың тасы беттен
Қалай оңай жеңіліс табамын мен
Жаралған соң жүрегім асыл еттен.

Көрсетсе де бұл қоғам қаталдығын,
Қиындықтың қарсы алам атар күнін.
Адалдықтың жолында шайқасамын
Соңғы сəті қалғанша сапарымның!

Өлім алып кеткенше өмір менде.
Келгем жоқ тексіз болып тегін жерге
Ұрысып итімен де, құсымен де-
Тырысып-ақ бағамын жеңілмеуге!

Кез келген шыдайды сынға жаным.
Қайбірінен пенденің үлгі аламын.
Бес күн жалған өмірге жалғыз келіп,
Жалғыз ғана кететін құл ғанамын.
Досболат Санат.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!