Жаңылтпаштар

  • Ілім - бұлақ
    Білім - шырақ.


  • Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.


  • Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.


  • Жердің сәні - егін,
    Ердің сәні - білім.


  • Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.


  • Өнер - ағып жатқан бұлақ,
    Ілім - жанып тұрған шырақ.


  • Білімді өлсе,
    Қағазда аты қалар.
    Ұста өлсе,
    Істеген заты қалар.


  • Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі


  • Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір


  • Ғылым - теңіз, білім - қайық.


  • Алтын алма, білім ал.


  • Ұстаздан шәкірт озар.


  • Оқымаған бір бала,
    Оқыса екі бала.


  • Жеті жұрттың тілін біл,
    Жеті түрлі білім біл.


  • Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
    Залыммен жақын болсаң, басың кетер.


  • Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.


  • Наданмен дос болғанша,
    Кітаппен дос бол.


  • Екпей егін шықпас,
    Үйренбей білім жұқпас.


  • Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
    Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.


  • Білім арзан, білу қымбат.