5-ақпанда орын алған оқиғалар тізбегі

Akparat.com сайты 5-ақпан күні орын алған оқиғалар тізбегін ұсынады.

1945 жылы Алматыда алғашқы қазақ консерваториясы ашылды. Аталмыш білім ордасынан қазақ музыкасына елеулі үлес қосқан дарынды музыканттар түлеп ұшқан. Қазіргі таңда Құрмағазы Сағырбайұлының есімімен аталады.

2010 жылы дәл осы күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің резиденциясында даңқты қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өтті.

Жинақта Бауыржан Момышұлының жазбалары, суреттері мен майдангер достары Мәлік Ғабдуллиннің мен Дмитрий Снегиннің жазған естеліктері қамтылған.

2014 жылы Назарбаев Аддис-Абеба (Эфиопия), Мехико (Мексика) және әл-Кувейт (Кувейт) қалаларында Қазақстан елшілігін ашу жайлы жарлыққа қол қойды.

2016 жылы 5-ақпанда Жансая Әбдімәлік Қазақстанның нөмірі бір шахматшысы атанды. Ол халықаралық рентингте 89-орынға ие болды. Осылайша тізімде көш бастап тұрған Динара Сәдуақасованы 15 сатыға басып озды.

2016 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Мәңгілік аспан астында» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.


 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!